forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін120
mod_vvisit_counterКеше114
mod_vvisit_counterОсы аптада369
mod_vvisit_counterӨткен аптада1004
mod_vvisit_counterОсы айда2633
mod_vvisit_counterӨткен айда5847
mod_vvisit_counterБарлығы427502

Казир сайтта: 2
Сіздің адрес 54.224.2.123
,
Күні: 2018-07-18
Шынайы жиһад – өз нәпсіңді жеңу

Арабтың «жиһад» сөзі «күрес», «тырысу» деген мағына береді. Джихадтың этникалық сепаратизмге, діни экстремизмге немесе лаңкестікке ешқандай қатысы жоқ. Ислам лаңкестікке қарсы, және қазіргі заманғы экстремистік ағымдарды жою, алдын алу – мұсылманның алдындағы басты міндеттердің бірі. Джихад – бұл басқа діндегілерді қырып-жою жолындағы соғыс емес, тек Отанды қорғау жолында келіп жүгінетін мәжбүрлі шара. Алайда, тіпті соғыс кезінің өзінде де Алла мұсылмандарға әділдікті сақтап, тұтқындарға жанашырлық танытуды, қарттар, әйелдер мен балаларға зұлымдық жасамауға өсиет етеді. Шариғат: «Алла жолында тек өздеріңе қарсы соғысып отырғандармен ғана күресіңдер, бірақ (шектен) аспаңдар. Алла қылмыстыларды жақсы көрмейді», - дейді. (2:190). Отанды қорғау – мұсылманның қасиетті парызы. Туған елін қорғай отырып, мұсылман өзінің үйі мен жанұясын, мәдениеті мен дәстүрін, өз діні мен көзқарастарын да қорғайды. Осы жолда ол байлығын да, өмірін де аямайды. Ислам әскери парызды жоғары бағалайды, ал әскерде қызмет ету және Отанның шекараларын қорғау – әр мұсылманның парызы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла жолында шекарадағы бір күндік қызмет бұл әлемдегі барлық нәрседен артық» деген.

 
Рухани қажеттілікті қанағаттандыру – қоғамды дамытушы фактор

«Қажеттілік» - адам баласын алға сүйреп келе жатқан үлкен қозғаушы күш. Қажеттілігі артқан әрбір адам үнемі дамуға ие. Сонау ерте заманнан бастап қазіргі күнге дейінгі адам ақылының жеткен жетістіктерінің басты себебі де қажеттілік. Қажеттілік адам бойындағы қызығушылықты туғызады, ал қызығушылық оны іс-әрекетке итермелейді. Іс-әрекеттің нәтижесі адамның жетілуін қамтамасыз етеді, осылайша адамзат сатыдан-сатыға өрмелеп дүниені тануда және оны талдап түсіндірмелеуде таңқаларлықтай жаңалықтар ашуда. Демек, белгілі бір мәселенің шешемін табу үшін, қызығушылықты арттыру үшінгі басты қадам оған деген қажеттілікті туғызу.

 
Абайдың діни көзқарастары

Қазіргі алмағайып заманда ұлы Абай рухымен тыныстау, сол арқылы болмысы бөтен ой-танымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға зәрулік зор. Төменде данышпан ғұламаның дінге, иман, тағатқа қатысты жалпыадамзаттықой-танымдары түндігін түріп көрмекпіз.

 
Әбу Ханифа мен Имам Матуриди орта азиядағы мұсылмандықтың тірегі

1200 жылдан астам уақыт исламдық дәстүрмен өмір сүріп келе жатқан қазақ елі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасы  негізінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз.

 
"Тәңіршілдік - Исламға қарсы болған жоба"

Деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Мен VIII-XVIII ғасырлардағы парсы, араб, түркі-шағатай, ойрат тілдерінде жазылған деректерді зерттеймін. Олардың ешқайсысында тәңіршілдік туралы мәлімет жоқ. Егер біз XIV-XVI ғасырлардағы түркілердің мәдениеті,діні туралы сөйлейтін болсақ, сол  дәуірдегі деректерге сүйенуіміз керек. Ал ол деректерде тәңіршілдік хақында еш сөз жоқ. Керісінше, (прото)қазақтардың ХІІ ғасырдан Ислам қабылдағаны туралы айқын дерек, дәйекті пікір бар.

 
Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – мемлекетіміздің діни ахуалы.

 
Дәстүрлі құндылық және радикалды идеология

Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте – соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше буыны атсалысып, оларды қолдау және қолдану арқылы тұрақтандырады.

 
« ПерваяПредыдущая12345СледующаяПоследняя »

Страница 4 из 5


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.