forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін158
mod_vvisit_counterКеше377
mod_vvisit_counterОсы аптада1435
mod_vvisit_counterӨткен аптада1784
mod_vvisit_counterОсы айда5395
mod_vvisit_counterӨткен айда7983
mod_vvisit_counterБарлығы408158

Казир сайтта: 4
Сіздің адрес 54.167.196.208
,
Күні: 2018-04-20
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?

ТарМПИ «Дінтану» секторының жетекшісі Бахтияр Алпысбаев

http://abai.kz/post/61387

http://ult.kz/post/ulttyk-sanany-kalay-kalyptastyramyz

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған астарлы саясатқа жем болмай, ұлттық-рухани дүниесiн қалыптастыруға көмектесетін ұлттық идеологияны жаңғырту қажеттілігі туып отыр. Ендігі мәселе жастарды тәрбиелеу барысында ұлттық және мемлекетшіл сананың іргетасын қалай қалаймыз?

Біздің қоғамда әсіресе жастар ақша тапсам болды бақытқа жетем деген түсінік қалыптасып кетті. Егер адал жолмен баюға мүмкіндігі болмаса, қара жолмен де ақша табуға мәжбүр болады. Ал ондай жолда жүрген жастар әрине азғындалып, ұсақталып және болашақ өмірі бұлыңғыр болатыны күмәнсіз. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы:

Ақшаға абыройын, арын сатып,

Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.

Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,

Жаны – мал, жақыны – мал, малдың құлы?!  Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы адамның санасын оятып, жігерлендіріп отырған. Отаншыл, мемлекетшіл ұрпақты тәрбиелей алған елдердің болашағы баянды екендігін әлем тарихы да ұдайы дәлелдеп келеді. Ол үшін тәрбие, насихат және идеология негізінде ең бірінші кезекте қазақ ойшылдардың дін тұрғысындағы ой-пікірлері, ұлттық-діни бірегейлікті, дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттау жұмыстарын жаңғырту керек. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, әрине олардың артында басқа бір мүдде мен құндылықтардың тұрғанын естен шығармау керек.  Соңғы кездері қоғамда іріткі салып жүрген кейбір діни топтардың пікірлері ешқашан біздің мүддемізге сай келмейтің тұстары да бар.

Оларда діни мүддеден гөрі, саяси мүдде басым екендігі соқырға таяқ ұстатқандай анық нәрсе!  Уды у қайтарады демекші оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Ақиқатын айту керек, қазақ мәдениеті-совет өкіметінің езгісінде болған ел. Сол үшін қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарды қайтадан қалпына келтірмейінше, рухани тоқыраушылық пен құлдық психологиядан құтқару мүмкін емес. Ә.Бөкейханов «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегендей, қазақ халқының ұлттық мінезін қалыптастыруда діннің де, білімнің де  орны ерекше болғандықтан, демек, діни уағызды да, білім беру жүйесін де осы бағыт – қазақтың ұлттық санасына сай  бұратын кез келді деп санаймын.

Қазақтың ұлттық-діни бірегейлікті насихаттаған ойшылдар А.Құнанбай, Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Ғ.Қараш, С.Ғылмани қазақ халқының рухани тарихында ұлттық ар-ождан кодексі ролін атқарып, моралдық қағидаларды қалыптастыра білген. Сондықтан, бұл ғалымдардың шығармашылығын қарастырғанда Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне үндестігіне назар аударуымыз қажет. Өйткені, діни мәтіндерді терең түсініп, халықтың талабы мен қажеттілігіне сай, тұшымды тілмен жеткізе білгендігінің өзі олардың ерекше тұлға, заманының тілін білген ғалым болғандығын айғақтайды. Олардың туындыларының негізгі өзегінде ұлттық сана, діни көзқарас, тәрбие, адамгершілік мәселелері жатыр деген сөз. Мысалы, Садуақас Ғылмани өз заманының келеңсіздіктерін де сынай білген:

Обал сауап аты өшті,

Ұятсыз қаулап жан кешті.

Ары да жоқ, тілеу жоқ,

Гулеген өңкей жарым есті.

Ал, кеңестік кезеңде жыраулар поэзиясы жан-жақты зерттелгенімен тәуелсіздік идеясы, өзге идеологияға қарсы күрес мәселесі зерттеу обьектісіне енген жоқ. Жыраулар қазақтың басынан өткен небір кезеңдердегі әртүрлі тарихи оқиғаларды, тәуелсіз, еркін ел болуды армандағаны ұлттық идеологияға тікелей қатысы бар әдебиет, сөз өнері болды. Ұлттан тыс тұратын әдебиет жоқ, сол әдебиетті жасаушылардың бірі-жыраулар болса, ұлттық рух пен сананың негізін олар толғауларында анық көрсете білген. Сонымен қатар, Шәді Жәңгірұлының 400 беттен тұратын «Назым Сияри Шәріп» еңбегі пайғамбардың өнегелі өмірін қазақ жұртына қазақтың құнарлы тілінде сөйлетті. 1914 жылы Ташкентте жарық көрген бұл еңбек он жыл ішінде Қазан қаласында төрт-бес рет қайта басылып, қалың елге кеңінен таралып рухани шөлді қандыра білген. Шәді Жәңгірұлының өзінің замана толғауында:

«...Жаратқан АЛЛА жар болып

Тура жолдан тайдырма,

Ібіліспен жолдас қып

Айналдырма азғынға.

Адастырып ақ жолдан

Имансыз етіп қалдырма,

Һақ жолыңды сілтей гөр

Адасып жүрген қауымға.

Бабалар салған сара жол

Имам – Ағзам мәсһабы,

Халқымның салт – дәстүрін

Шариғатпен ұштады.

Асыл текті Аталар

Дінін берік ұстады,

Аманат етіп ұрпаққа

Тура жолды нұсқады.

Арада жылдар өткенде

Қатты батты жаныма,

Замананың қыспағы

Ата жолдан адастық.

Осы емей немене

Бастан бақтың ұшқаны,

Жолын таппай шатасып

Халқым кетті адасып...». Демек, тәрбиенің тиімді болуы үлгі-өнеге көрсететін адамдардың беделіне де байланысты. Бедел өте ықпалды рухани құбылыс екендігінде О. Сүлейменов: «Жырау – халық жыршысы ғана емес, ол дана иде­олог. Бұл адамдарды ұлы тұлғалардың соңынан еруге үндей алатын жау­ынгер жыршы» деген болатын. Сондықтан, өнердің осы түрін дінтану, тарихтану, әдебиеттану ғылымдары тұрғысынан және бір-бірінен ажыратпай салыстырмалы түрде зерттеп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына енгізу керек.  Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас дегендей қазақтың дәстүрлі діни танымында өскен жас ұрпақ ешқашан радикалдық топтарға бара қоймайды.  Сонымен қатар, діни экстремизмге қарсы тұратын алдын-алу жұмыстарының бірі. Рухани тәжірибесі бай қазақ халқы тек рухани тарихты жаңғырту арқылы өзінің бірегей болмысын сақтап қала алады.

Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсетіп отыр.

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.